Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына — 80 жыл толып отыр деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Актер 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін тамамдады. Кейін Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
Актердің алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейін «Қыс – мазасыз маусым», «Ағам менің», «Ерекше күн», «Аққулар ұшып келеді» т.б. фильмдеріне түсті.
Бұдан бөлек театр сахнасында да көптеген рөлдерді сомдады. Актер 2016 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша «Парасат орденімен» марапатталды.
Айта кетейік, Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келген. Ал, 2017 жылы 17 желтоқсанда 72 жасында өмірден өтті.