«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында үш шаңғышы өз еркімен шаңғы аймақтарынан шығып, қар беткейін кесіп өткен. Салдарынан, көлемі шамамен 3500 м3 қар көшкіні орын алған. Осыған байланысты екінші аспалы жол уақытша жабылған.
«ҚР ТЖМ” Қазселденқорғау ” мамандары бұған дейін 7 наурызда тиісті ұсынымдар беріп, блокбекет қойды.Оқиға орнына ТЖД, Қазселденқорғау және “Шымбұлақ” ТШК әкімшілігі жедел келді. Осы уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Қазақстан ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салады:
🔹 Жабдықталған трассалардың шекарасынан шығуға қатаң тыйым салынады. Бұл ережені бұзу оқыс оқиғаларға әкелуі мүмкін.
🔹Қауіпсіздік қызметтерінің ескертулері мен нұсқауларын, сондай-ақ белгіленген жол тосқауылдарын ескеру қажет.
🔹 Көшкін қаупі туралы болжамдарды және ТЖМ мен курорт әкімшілігінің ресми ақпаратын мұқият қадағалаңыздар.
Бұл ұсыныстарды елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді және айналадағы адамдарды қорғаңыз!