Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

41

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдап,  Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды деп хабарлады Ақорда

Облыс әкімінің баяндамасынан:

➤ жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген. Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады;

➤ 2028 жылға дейін жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын және 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған;

➤ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған;

➤ аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр;

➤ Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.

Алдыңғы пост
15 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған Түркістандықтар сотталды
Келесі пост
#65028

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu