58
Нұрғиса Тілендиевпен жары Дариға 1967 жылы Алматыдағы киностудияда танысқан екен. Сол сәтте 42 жастағы аты әйгілі музыкант 19 жастағы өрімдей қызды бірден ұнатып, сезімін білдірген. Көпшілікке танымал “Куә бол” әні – композитордың сүйген жарына арнаған ең алғашқы туындысы.
Дариға Тілендиева “Қазақфильм” киностудиясында түсірілген “Алты жасар Алпамыс”, “Құлагер”, “Ақ машина”, “Жамбылдың жастық шағы”, “Қоштасқым келмейді” сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.
Бізде, редакция атынан қайғыра көңіл айтамыз!