Талай уақыттан бері сын садағында болған басқармаға су жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы лауазымына Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы келді.
Ол, 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын совхозында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.
Еңбек жолын тәрбие-білім беру бағытында бастаған.
2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының орынбасары.
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.