82
Бүгін, 2025 жылғы 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталды. Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылды, яғни сеңнің жүруі Кіші Арал теңізіне жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды. Мұз осы жолды сыни жағдайларды тудырмай еңсерді.
Облыста өзендегі су деңгейінің мониторингі жалғасуда.
Тұрғындарға су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз.