65
Оқиға елорданың Нұра ауданы, Қ.Мұхамедханов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде орын ааған.
«Құтқарушылардың келіп жетуі бойынша 2000 ж.т қыз 10 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өз өзіне қол жұмсау мақсатында терезе жақтауында тұрғаны анықталды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қызбен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және “Өмір текшесін” орналастырды. Олар сондай-ақ пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды»,-деп хабарлады ТЖМ.