Өскеменде полицейлер тұрғынның өмірін сақтап қалды

52

Өскеменде таңғы уақытта полицияға тұрғын үйлердің бірінің 9-қабатындағы балконнан секіруге әрекеттеніп жатқан азамат туралы жедел хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары, көпқабатты үйдің жоғарғы қабатына көтеріліп, балконның сыртқы жақтауында тұрған жас жігітпен тілдесуге кірісті.

«Полиция инспекторы Ерасыл Мұратхановтың айтуынша, 25 жастағы азамат ауыр психоэмоционалдық күйде болған. Жедел әрі сабырлы әңгіме барысында тәртіп сақшысы оның сеніміне кіріп, суицидтік әрекетке баруының себебін анықтай алды. Белгілі болғандай, жігіт есірткіге тәуелділікпен күресіп жүрген және жалғыздық сезімінен зардап шегуде екен. Инспектор оған өмірдің маңыздылығы, әр қиындықтың өткінші екені, және жаңа өмір бастауға мүмкіндік әрдайым бар екенін айтып, үміт пен сенім ұялатты. Жас азамат тәртіп сақшысының адамгершілікке толы сөздеріне құлақ асып, өз еркімен балконның қауіпсіз жағына өтті. Кейіннен ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды»,-деп хабарлады ҚР ІІМ.

Алдыңғы пост
Елімізде 83 048 ардагер тұрады
Келесі пост
Елімізде «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu