68
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
Бүгінде ел аумағында шамамен 12 мың кітапхана жұмыс істейді, олардың қорында 300 миллионға жуық дана кітап бар. Қазақстанның қоғамдық кітапханаларында 100 мыңнан астам қолжазба мен сирек басылымдар сақтаулы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық авторлардың шығармаларын басып шығаруға мемлекеттік қолдау тетігін тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.