Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды

39

Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды. Бірлескен іс-шараларды өткізу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде мүмкін болды деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қазақстанның ресми делегациясын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды.

Бүгін «Москва» кинотеатрында көрермендерге режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты тарихи кинотуындысы мен Фархат Шәріповтің «Стоп, ночь» фильмі ұсынылды.

Салтанатты жиында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық киноөндірістің даму маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты заңға қол қойғанын атап өтті. Заңда бірқатар жаңа ережелер қамтылған.

Атап айтқанда, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Елдегі кинофильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30 пайызы тікелей аталған киностудияға бағытталады. Бұл шешім студия жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Құрманбек Жұмағали киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері жайлы айтып, қазіргі қазақ фильмдері армян көрерменінің көңілінен шығатынына сенім білдірді

Алдыңғы пост
Жаттықтырушылардың жалақысы жүйелі түрде өсіп келеді
Келесі пост
Президент: Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де мәз емес

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu