Президент: Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де мәз емес

39

Мемлекет басшысы облыстағы білім сапасын жетілдіруге мән берді.

Аймақта білім сапасын жақсарту үшін бірқатар шара қабылданды. Бірақ жұмыстың нәтижесі көңіл көншітпей тұр. Екіден алты жасқа дейінгі балалардың 93,9 пайызы балабақшаға барады, яғни, 46 мың бала. Бірақ орын тапшылығы әлі жойылған жоқ. 3,5 мыңға жуық бала кезекте тұр. Білім сапасына қатысты түйткілдер бар. Былтыр мектептегі білім деңгейін бағалау үшін облыста арнайы тест өткізілді. Оған қатысқан балалардың 37 пайызының білімі төмен екені анықталды. Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де мәз емес. 1,5 мыңға жуық бала, яғни, 20 пайызы оқуға түсуге қажетті ең төменгі балдың өзін жинай алмаған. Бұл – еліміздегі ең нашар көрсеткіштің бірі.

Биыл қаңтар айындағы тестілеуге 8 мыңнан астам оқушы қатысқан. Оның үштен бірі шекті көрсеткіштен өте алмаған. Облыстағы ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығы – өзекті мәселенің бірі. Тіпті Ақтау мен Жаңаөзендегі мектептердің білім деңгейінде айырмашылық бар. Мектептегі орын тапшылығы азаймақ түгілі көбейіп барады. Қазір 14 мыңға жуық орын жетіспейді.

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ.

«Самұрық-Қазына» қоры облыс әкімдігімен бірлесіп, жайлы мектептердің құрылысын тездетуі қажет. Бұған қоса сапалы стандартты мектеп салу жұмысын жалғастыру керек. Жалпы осы саладағы түйткілдерді шешу үшін Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы қабылданды. Алайда нақты нәтиже жоқ. Жол картасын сапалы әрі толық жүзеге асыру үшін жұмысты барынша жандандыру қажет.

Алдыңғы пост
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu