Қайғылы жағдай, Жамбыл облысы, Меркі ауданына қарасты Сарымолдаев ауылында орын алған. Марқұм болған балалардың жасы небәрі 4,6 және 8 жаста. Оларды, анасы таңертеңгісін сыртынан құлыптап, жұмыстарымен кеткен. Келген кезде газдың иісі шығып тұрғанын байқап, қыздарын сыртқа алып шыққан. Жасөспірімдерді ауруханаға жеткізігенімен, жаснсақтау бөлімінде көз жұмды. Жергілікті әкімдіктің ақпараты бойынша, бұл отбасыға тиісті жәрдемақы төленіп, қолдау берілген.
«Отбасы тұрақты түрде әлеуметтік көмек алған. АӘК, бірреттік жәрдемақы, алимент және мектеп формасына қаражат бөлінген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген», – деп мәлімдеді әкімдік.
Ал, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
«Меркі ауданындағы тұрғын үйде үш баланың табиғи газдан улану салдарынан қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлады полиция департаменті.