Ақмолада 33 бала тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған

34

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.

Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

Алдыңғы пост
​​Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынуда
Келесі пост
Тоқаев ұялы байланыс құрылғыларында букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салатын заңға қол қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu