Күдіктілерден 12 мыңнан астам трамадол таблеткасы тәркіленді

49

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар трамадол дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының Алматы – Шымкент тасжолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған Lada автокөлігін тоқтатты.

Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде трамадолдың 12 мыңнан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Ұландықтар өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарып, ерлік танытты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu