39
Петропавл қаласының маңындағы Заречное ауылында ТЖМ қызметкерлері жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді: Есіл өзенінің су тасқынының алдын алу және тіршілікті қамтамасыз етуді тұрақты ұйымдастыру бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.
Жүзу құралдары мен вахтовкалар тұрақты өткел ұйымдастыруда, соның арқасында тұрғындар қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да бірінші кезектегі қажетті заттарды алуда.
Су бұру және су басу деңгейін төмендету үшін 16 мотопомпа, 34 бірлік арнайы техника қолданылуда. Жұмыстарға ТЖМ мен мердігер ұйымдардың жеке құрамынан барлығы 241 адам, 8 жүзу құралы тартылды.