Полицейлер жүрек талмасына ұшыраған ер адамды құтқарып қалды

135

ШҚО, Алтай ауданында патрульдік полиция инспекторлары кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып, жерге құлаған ер адамды байқаған. Құзырлы орган өкілдері бір сәтке де кідірместен,алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда азаматтың жағдайының ауырлығын ескеріп, олар оны дер кезінде жақын маңдағы ауруханаға өз көліктерімен жеткізуді ұйғарған деп хабарлады ІІМ.

Медицина қызметкерлері 70 жастағы зейнеткерге жүрек талмасы диагнозын қойды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі кәсіби әрекетінің арқасында медициналық көмек уақытында көрсетілді.

– Мұндай сәтте адамды құтқару туралы ғана ойлайсың. Біз тек өз борышымызды орындадық, — деді полиция қызметкері Ринат Қуаниязов.

Зардап шеккен азаматтың жұбайы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

Алдыңғы пост
Отбасылық жанжал кісі өліміне алып келді
Келесі пост
Бұзақылық және қорқытып алу бойынша пробациялық бақылаудағы азамат сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu