40
Жетісу облысы, Ақсу ауданының прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығын заңсыз беруден туындаған бұзушылықтарды анықтады.
Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, бұрын сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 3 тұлғаға тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша барлық 3 куәлік тәркіленіп, күші жойылды, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қызметке толық сәйкес еместігі туралы жарияланды.