ҚР Су ресурстары министрлігі Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаевтың айтуынша, құжатта жергілікті атқарушы органдарға көп функциялар берілген. Олардың бірі – ирригациялық жүйелерді дамыту.
«Шаруашылықтар бірігіп ирригациялық жүйелерді пайдалана алады. Магистралдық, шаруааралық және шаруаішілік жүйелер бар. Соның ішінде, су негізінен шаруаішілік жүйелерде пайдаланылады. Сондықтан ол жердегі шаруашылықтарды икемдеу керекпіз. Бұл ирригациялық кондоминиум арқылы шешілмек. Осы жүйелерді бірігіп пайдалану тәртібі заңда жазылған. Ал егер ондай ұйым құрылмаса, мұндай мүлікті сырттай басқару құқығы жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Олар басқарушы компания құрып, ирригациялық жүйелерді дамытады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.