Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді

34

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Белградқа жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, оның екі ел достығын нығайтудағы және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы маңызына тоқталды деп хабарлады Ақорда.

Сапар аясында сауда және инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ әскери қорғаныс өнеркәсібі салаларына қатысты келісімдерге қол қойылған болатын.

Александр Вучич Сербияның Қазақстанмен стратегиялық серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қос тарап та бейіл екенін растап, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді Сербия Президентінің биыл Астанаға жоспарланған сапары кезінде талқылауға келісті.

 

Алдыңғы пост
Шымкентте ардагерлерге көлік кілті табыс етілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu