14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар жұмыспен қамтылды

58

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмыспен қамтылған (28,9%), деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 191 адам, жастар практикасына – 80 адам, қоғамдық жұмыстарға – 3248 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 4 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша – 333 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 17 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 726 адам аяқталғаннан кейін сертификаттар алды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

Алдыңғы пост
Елімізде ұзындығы 6000 шақырымнан асатын 1485 суару арнасын жаңғыртылуда
Келесі пост
Халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы қолға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu