Астаналық тұрғын Вьетнамға жоқ әуе билеттерін сатқан

113

Астаналық тұрғынның алаяқтық әрекеттері салдарынан 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, клиенттеріне оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда, ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттерге тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.

Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды – төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген.

Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы туристік қызметтер алу үшін төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексерудің қажеттігін ескертеді.

Алдыңғы пост
Халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы қолға түсті
Келесі пост
Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu