Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды.
Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.
Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.