Кәсіпкер субсидияны заңсыз алғаны үшін қамауға алынды

98

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады

Күдікті «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атына заңсыз түрде 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеген.

Кейін бұл қаражат ірі қара мал сатып алынбастан, шаруа қожалығының шотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сонымен қатар, мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі базасына жалған ақпарат енгізу арқылы ол 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінген 24 млн теңге көлеміндегі субсидияны заңсыз алған.

Субсидияны заңды түрде алынды деп көрсету мақсатында ол басқа шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды сиыр сатып алды деген жалған құжаттарды тапсырған.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған. Аталған мүлікті жасыру мақсатында оны туысының атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке — 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және «Exeed LX» маркалы автокөлікке — тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.

Алдыңғы пост
Шымкентте бір аптада 119 қылмыстық іс тіркелген
Келесі пост
Жаңа туған сәбиге құтқарушылар көмек берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu