«Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы ашылды

34

Елімізде «Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатқа сәйкес, АЭА Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумақта орналасады, деп хабарлайды Primeminister..kz.

Арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономика саласында жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жоспарлануда. АЭА-ның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

2049 жылға қарай АЭА-ға салынатын инвестицияның жалпы көлемін 150 млрд теңгеге, шетелдік салымдарды – 80 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болжануда. Қазақстандық қамту үлесі – 90%-ға дейін жетеді.

Алдыңғы пост
Аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған оқу ордасы анықталды
Келесі пост
Елімізде жемқорлардың туыстарының мүлкін тәркіленуі мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu