«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалағандары үшін сотталды

23

2025 жылдың 6 мамырында Петропавл қалалық сотының «блогерлер»-ге қатысты үкімі заңды күшіне енді деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Петропавл қаласының екі тұрғыны «Magnum» және «Семейный» сауда желілерінен «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды.

Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайдаменшік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар «Instagram» әлеуметтік желісінде және «Youtube» арнасында жүргізілген.

Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді.

Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.

 

Алдыңғы пост
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі
Келесі пост
Емші емдеді ме? Әлде сырқатына сырқат қосты ма? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu