Шымкентте қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыс ашылды

52

Қызметтік иттер — тек адал серік қана емес, сонымен қатар қылмыстарды ашу, жоғалған адамдарды іздеу және тыйым салынған заттарды анықтау сияқты маңызды міндеттерді атқаратын сенімді көмекшілер.

Полицияның қызметтік-іздестіру иттері қылмыспен күресте ұзақ уақыт бойы сенімді серік ретінде танылып келеді. Төртаяқты “полицейлер” ең күрделі жағдайларда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы дайындықтан өтеді. Олардың иістерді ажырата білуі, жасырын есірткі мен қаруды табуы және із кесу қабілеті көп жағдайда қылмысты ашуда шешуші рөл атқарады.

Бұл серіктестер дәлелдер табуға, қылмыскерлерді ұстауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Айта кетейік, жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 64 қылмыс ашылды. Оның ішінде 15 ұрлық, 2 тонау және 15 есірткі қылмысы бар. Төртаяқты көмекшілер 442 жедел шараға қатысып, құқық қорғау органдарының жұмысында өздерінің таптырмас көмекші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, – деп мәлімдеді полицейлер.

Бұл нәтижелер қызметтік иттердің қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтаудағы маңызды рөлін айқын көрсетеді. Олар – қоғам үшін адал әрі тиімді серіктес болып қала береді.

Алдыңғы пост
Елімізде дәрі-дәрімектерді 100 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды
Келесі пост
Елімізде 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген: 11,8 млрд теңге залал келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu