2011 жылы туған футболшыларды ҚФФ академиясына іріктеу басталды

133

Қазақстан футбол федерациясы жасөспірімдер футболын дамыту стратегиялық бағдарламасы және FIFA-ның Talent Development Scheme (TDS) халықаралық жобасы аясында 2011 жылы туған футболшыларды іріктеу басталғанын хабарлайды.

Селекциялық кезең 1 тамызға дейін жалғасады, ол ҚФФ жаттықтырушылары әрі селекционері Владимир Никитенко, Евгений Свешников және Виктор Семеновтің жетекшілігімен өтеді. Іріктеу Қазақстанның алты өңірінде: Павлодар, Қостанай, Шымкент, Көкшетау, Алматы және Астана қалаларында ұйымдастырылады. Өңірлік іріктеулерден бөлек, федерация жаттықтырушылары перспективасы жоғары футболшыларды іздеу үшін еліміздегі барлық жасөспірімдер турниріне қатысып, футбол мектебіне барады.

FIFA TDS – ҚФФ-ның аймақтық және орталық академиялары үшін болашақ кадрлық резервті құру мақсатында басталған бағдарлама. Іріктелген жас спортшылар  қолайлы ортада жаттығып, білім алу және кәсіби дамуға қажетті қолдауға ие болады. Жоба ҚФФ-ның стратегиялық басымдықтарына және FIFA-ның U14-U16 жас категорияларындағы жастар футболын дамыту жөніндегі халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылады.

 

Алдыңғы пост
Қаржы пирамидасына алданғандардың саны артуда
Келесі пост
Билікте бірқатар ауыс-түйіс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu