Есірткі саудасымен айналысып, 20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

58

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматын экстрадициялады. Ол қылмыстық ұйымға қатысқаны, аса ірі көлемде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

Аталған азамат 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық топтың құрамында болған. Ол есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық ұйым мүшелеріне жеткізу қызметтерін атқарған.

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардың қолынан 35 кг героин мен 28 кг опий тәркіленген. Ұсталғандар кейін сотталып, ал күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынуға үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.

20 жыл бойы жасырынып жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалып отыр.

Айыпталған қылмыстар үшін оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Алдыңғы пост
Экология министрлігі Қарасу өзенінің жағасын тазарту бойынша сенбілік өткізді
Келесі пост
Құтқарушылар зейнеткерге көмекке келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu