БҚО-да бес бала газдан уланып көз жұмды

175

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында қайғылы жағдай тіркелді — жекеменшік тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бес бала көз жұмды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қаза тапқан балалардың ең үлкені небәрі бес жаста болған.

«Өрт сөндірушілер қоңырау түскеннен кейін 5 минутта оқиға орнына жетті. Келген кезде жеке заттары мен жиһаздары 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен өртеніп жатқан. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз жатқан жерінен тапты. Өкінішке орай, балалар ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Дәрігерлер бар күш-жігерін салғанымен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар көмірқышқыл газына тұншығып қалған. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Алдыңғы пост
Қазақстанда балаларға арналған жазғы демалыс және сауықтыру науқаны басталды
Келесі пост
Павлодарлық науқас ТЖМ тікұшағымен ауруханаға жеткізілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu