Бас прокуратураның ұсынысы бойынша 500-ден астам инвестициялық жоба инвесторлар тізіліміне енгізілді

29

Бас прокуратура инвестициялық жобаларды заң талаптарына сай және ашық түрде сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыттағы тексерістер нәтижесінде жобалар туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, бірқатар өңірлердің жалпыұлттық және өңірлік пулдарында өзектілігін жоғалтқан жобалар тіркелгені белгілі болды. Сонымен қатар, Абай және Ақмола облыстарында бекітілген өңірлік инвестициялық жобалар пулдарының мүлде болмағаны анықталды.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша бұл олқылықтар жойылып, нәтижесінде:

Инвесторлар тізіліміне жалпы құны 7 трлн теңгені құрайтын 250 жоба енгізілді;

Өңірлік пулдарға қосымша 290 жоба енгізілді;

Өзектілігін жоғалтқан 136 жоба тізілімнен алынып тасталды.

Анықталған заңбұзушылықтар үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдыңғы пост
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша әшкереленді
Келесі пост
«Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметінің жолы кесілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu