139
Жасөспірімді ағалары алты жыл бойы зорлап келген. Қарындасына қастандық қылған күдіктілердің бірі өмір бойына сотталды. Ал екіншісі, 20 жылға түрмеге тоғытылды.
Жаға ұстатарлық жағдай, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында орын алған.
Сот мәліметінің ақпаратына сәйкес, жасөспірімді 6 жасынан бастап әкесінің ағалары зорлап келген. Біреуі 35 жаста. Екіншісі 37 жаста. Шындық оқушы жүкті болған соң бір-ақ ашылған. Оның жүкті екенін ұстазы да білмеген. Салдарынан, қыз 13 жасында ана атанған.
Нәтижесінде, екі адамның бірі өмір бойына, екіншісі 20 жылға сотталды.