Маңғыстау облысында заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырған ерлі-зайыптыларға қатысты тергеу жүріп жатыр

30

Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілерінде 850 мыңнан астам жазылушысы бола тұра, лотерея операторы ретінде тіркелмей, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

Олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделерді ойнатқан. Қатысушылар бұл лотереяларға 500 бен 50 000 теңге аралығындағы билет (цифрлық нөмір) сатып алып қатысқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, 1 800-ден астам адам осы лотереяларға қатысқан. Нәтижесінде заңсыз қызметтен түскен табыс көлемі 162 миллион теңгеден асқаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Алдыңғы пост
Жатақханадан студенттің мәйіті табылды
Келесі пост
Кен өндірумен айналысқан заңсыз топтың жолы кесілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu