33
Сот мәліметінше, 2025 жылғы 6 қаңтар күні, таңертең Павлодар қаласында ер адам Mercedes автокөлігімен бұрынғы азаматтық некедегі жұбайын әдейі қағып кеткен. Оқиға гриль павильонының жанында болған. Ер адам әйелді көлікпен қабырғаға қысып, нәтижесінде жәбірленушінің сол аяғын ампутациялауға тура келген.
Зардап шеккен әйелге павильоннан жүгіріп шыққан сатушы көмектескен.
Сот, айыпталушының кінәсін дәлелденген деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 16 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.