145 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарын толықтырды

28

Бүгін Көкшетау қаласындағы «Абылай хан» алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының салтанатты шығарылымы өтті деп хабарлады баспасөз қызметі.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, құқық қорғау, мемлекеттік органдардың өкілдері және құрметті қонақтар қатысты.

Генерал-майор Шыңғыс Әрінов түлектерге арнаған үндеуінде азаматтық қорғау академиясы әрқашан министрлік басшылығының және ведомство басшысының назарында екенін айтты. Ол білікті кадрларды даярлау, курсанттар құрамына қамқорлық жасау, материалдық базаны жақсарту және білім беру сапасын тұрақты жетілдіру ведомствоның басты басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Академия курсанттары – азаматтық қорғау жүйесінің болашағы. Ертеңгі күні бөлімшелерді басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын және адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін офицерлер сіздер боласыздар. Сіздерден Отанға қызмет етуге деген адалдықты, рух күшін және шынайы ұмтылысты көреміз.», – деді ТЖМ басшысы.

Алдыңғы пост
Шымкентте “шоколадпен қапталған құлпынай” жарнамасымен алаяқтық жасағандар сотталды
Келесі пост
Таразда синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын зертхана жойылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu