16
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үйлестіріп отырған эвакуациялық іс-шаралар аясында шетелдердегі азаматтарды елге қайтару жұмыстары жалғасуда.
Атап айтқанда, Израильден 66 қазақстандық азамат Мысыр аумағы арқылы эвакуацияланды.
Сондай-ақ Ираннан 78 отандас елге жеткізілді. Олардың 73-і – Армения арқылы, 2-еуі – Әзербайжан арқылы, ал қалған 3 азамат – Түрікменстан арқылы шығарылды.
Эвакуация жұмыстары тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, үйлестірілген түрде жүзеге асырылуда.