24
Шымкентте далада қалған отбасылар су жаңа баспанаға қол жеткізбек.
Адам өмірін қиған өрттің салдарынан 19 пәтердің 11-і өрттен зақымданды. Осыған орай, мегаполис басшысы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кездесу барысында зардап шеккендерді қолдау шаралары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, өзекті мәселелер пысықталды.
Қорытындылай келе, азаматтарға бірдей тұрғын үй беру ұсынылды. Шымкент Сити, Тұран шағын аудандарындағы пәтерлер қарастырылып отыр.
Айта кетейік, 18 маусым күні 1 мамыр көшесіндегі екі кабатты тұрғын үй өртеніп, 12 отбасы далада қалған. Сондай-ақ, бір адам ажал құшқан болатын.