20
Алматы полициясы Сайран көліндегі оқыс оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.
Көлге кәмелетке толмаған екі баланың түскені анықталды. Бірі өз бетімен жағаға шықты, екіншісінің мәйіті табылды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп, баланың денесін тапты.
«Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеуде, қажетті шаралар қабылданып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.