14
Сайран көлінде тағы бір адам суға кетіп, ажал құшты.
25 маусым күні кешкі сағат 19:26-да құтқарушылар Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның мәйітін алып шықты.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылуға тыйым салынған орында мас күйінде суға түсіп, батып кеткен.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде барлық құрылыс және санитарлық жұмыстар толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.