29
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп тану туралы азаматтық іс қаралды. Іс Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының талап арызы негізінде қозғалған.
Сотта ұсынылған дәлелдерге жан-жақты баға бере отырып, борышкердің өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіз екені анықталды. Уақытша басқарушының қорытындысы бойынша, серіктестік қаржылық тұрақтылықтың III-сыныбына жатқызылған.
Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, серіктестік ресми түрде банкрот деп танылды. Алайда, бұл шешім әлі заңды күшіне енбеген.