Тонау, қарақшылық, бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

21

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан қылмыстық топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша қаражаты болуы мүмкін жерлерді үнемі талдап жүргені анықталды. Сонымен қатар ол түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, “қорғағаны” үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Алматы да иттер жасөспірімге шабуыл жасап, құлағын жұлып алғанұлағын
Келесі пост
Алматылық әйелдің ішінен дәке алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu