30
Измирдің Мендерес, Чешме және Сеферихисар аудандарында, сондай-ақ Хатайда бірнеше күннен бері өрт басылмай тұр. Тілсіз жау салдарынан, үйлер жанып, 1800-ден астам адам эвакуацияланды. Олардың арасында түтіннен зардап шеккендер бар.
Өрт, Куюджак пен Орханлы аудандарының арасындағы орманды да шарпыды. Сағатына 110 км-ге дейін жеткен желдің салдарынан жалын тұрғын жайларға дейін жетті. Нәтижесінде, ауыл мен 2 квартал эвакуацияланды, 21 адамға медициналық көмек көрсетілді. Бір адам оттан құтқарылды.
Хатайда өрт бірден үш ауылды шарпыды. 200 үй эвакуацияланды, 1800 адам жатақханаларға орналастырылды, олардың үй жануарлары қауіпсіз қораларға көшірілді. Өртті 1600-ден астам адам мен 590 техника сөндіріп жатыр. Тіпті, әуеден су төгіліп жатыр.