Былтыр жол көлік оқиғасынан 40 мыңнан астам адам жарақат алған

46

Жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттанудың өсуі денсаулық сақтау мамандарын ерекше алаңдатып отыр деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

2024 жылы 31 мыңнан астам ЖКО тіркелді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік. Өткен жылы жол апаттарының салдарынан 40 мыңнан астам адам зардап шекті, 2 452 адам қаза тапты, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте.

ЖКО-ның көпшілігі қалада (72%), 14% ауылда және 13% трассада тіркеледі.

Жарақат бойынша жедел жәрдем шақыруларының жалпы санынан – 741 728, жол-көлік оқиғаларына бригадалардың 47814 немесе 5,5% келеді.

Халықаралық зерттеулерге сәйкес қозғалыс жылдамдығының өсуі ЖКО зардаптарының ауырлығына тікелей әсер етеді, деп атап өтті еліміздің бас травматологы.

Жарақаттанудың алдын алуға назар аудара отырып, ол орташа жылдамдықтың небәрі 1 км/сағ-қа артуы зардап шеккендермен болған апаттардың ықтималдығын 3%-ға, ал өліммен аяқталған ЖКО қаупін 4-5%-ға арттыратынын атап өтті.

80 км/сағ жоғары жылдамдықта жаяу жүргіншінің соқтығысу кезінде қаза болу ықтималдығы 90%-дан асады. Қалалық ортада жылдамдықты 60-тан 50 км/сағ-қа дейін төмендету жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі өлімді 30-40%- а азайтуға мүмкіндік береді.

Халықаралық практика жылдамдық режимінің сақталуын ішінара бақылаудың өзі ЖКО санын 20-25%-ға төмендетуге қабілетті екенін растайды.

ДДҰ статистикасы бойынша қауіпсіздік белдіктерін пайдалану өлім қаупін 40-50%-ға, ауыр жарақат алу қаупін 25%-ға төмендетеді.

Алдыңғы пост
Шымкентте 500 ден астам адамды кене шаққан
Келесі пост
Соңғы бес жылда жарақаттан болатын өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu