Соңғы бес жылда жарақаттан болатын өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді

44

Қазақстанда соңғы бес жылда жарақаттан болатын өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарақаттан болатын өлімнің ең көп төмендеуі Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында-23%-дан 38%-ға дейін байқалды.

«2024 жылы 2,5 миллионнан астам адам травматологиялық көмекке жүгінді. Травматология және ортопедия бейіні бойынша стационарларда 240 мың пациент емделді, 130 мыңнан астам, оның ішінде 1 556 — жоғары технологиялық операция жүргізілді. Алайда, жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттанудың өсуі мамандардың алаңдаушылығын тудырады. 2024 жылы 31 мыңнан астам ЖКО тіркелді, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік. Барлық апаттардың 50%-дан астамы алты өңірге тиесілі: Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстары, Астана қаласы, Ақтөбе облысы және Шымкент қаласы»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Жыл қорытындысы бойынша жол апаттарының салдарынан 40 мыңнан астам адам зардап шекті, 2 452 адам қаза тапты.

Алдыңғы пост
Былтыр жол көлік оқиғасынан 40 мыңнан астам адам жарақат алған
Келесі пост
Ауылдарда 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu