Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етеді, су басу қаупін және трансшекаралық суларға тәуелділікті азайтады.
Сонымен қатар, Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қазақстандық су саласы мамандарының бірінші тобы ҚХР-да біліктілікті арттыру курстарынан өтуді бастады. Бірінші топқа 30 маман кірді. Бұдан әрі Қытайда 25 адамнан тұратын тағы 3 топ білім алады. Жалпы көрші елде екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан су саласының 105 маманы өтеді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ал, 2027 жылға дейін су саласының кадрларын даярлау сапасын одан әрі жақсарту үшін 9 жаңа кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жоспарлануда.