Қаскелеңде мектеп бітіру кешінде түлек көз жұмды

12

Алматы облысында мектеп бітіруші түлек көз жұмды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

“Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты”, – делінген полиция есебінде.

Сыныптасын өлтірген оқушы бірден ұсталды.

”Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінегн хабарламада.

Полиция білім басқармасына өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолдады.

“Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Департамент.

Алдыңғы пост
Баланы құтқарғаны үшін ҚР ТЖМ медалімен студент марапатталды
Келесі пост
Алматы қуыршақ театры «Ортеке» фестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu