24
Бейнебақылау камераларынан үш баланың Түсіпбеков көшесіндегі ойын алаңына түнгі уақытта келгені көрінеді.
Балалар шүберек әкеліп, оны сырғанақтың астына қойып, от жаққан. Жалын тез арада құрылымның пластик бөліктерін шарпып, түгелдей жойып жіберген.
Сондай-ақ от жақын маңдағы орындықтарды да шарпыған.
Полицияның мәліметіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың жеке бастары анықталды. Олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.