Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты

33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды деп хабарлады Ақорда.

Атап айтқанда:

SmartCity Astana жобасы инновациялық технологияларды енгізу арқылы қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Жасанды интеллектіні қолданатын 100 мыңнан аса бейнебақылау камерасы іске қосылып, елорданың цифрлық сыңары жасалады. Бұл қоғамдық орындардағы ықтимал тәуекелдерді онлайн-режимде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жобаны жеке серіктес толығымен қаржыландырады.

AlemLLM жобасы – дәлдігі жоғары қазақ тілінің үлкен тіл моделі. Жергілікті қолданысқа бейімделген. Модель балама шешімдердің арасында үздік көрсеткіштерге ие және түрлі салада кеңінен қолданысқа арналған.

AI Kitap жобасы – цифрлық AI-оқулықтарға арналған платформа. Әр оқушының білім деңгейіне, сабақ үлгеріміне және жеке талғамына қарай оқыта алады.

Baspana Hub – азаматтардың тұрғын үйге сұраныстарын онлайн түрде шешуге арналған цифрлық экожүйе. Жүйе арқылы маркетплейстен үй іздеп, сатып алуға, жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға, жөндеу жұмыстарының немесе құрылыс материалдарының онлайн-сметасына тапсырыс беруге болады. Жоба сырттан қаржы, инвестиция тартпай жүзеге асырылған.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады
Келесі пост
Шымкентте адам өлтірген 19 жастағы жігіт 22 жылға сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu