Маңғыстауда «LiveGood» қаржы пирамидасын басқарған күдіктіге қатысты іс сотқа жолданды

31

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «LiveGood» қаржы пирамидасын ұйымдастыру, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру деректері бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу материалдарына сәйкес, «LiveGood» компаниясы бастапқыда дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сататын желілік маркетинг ретінде көрінген. Алайда шын мәнінде бұл құрылым жаңа салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде еткен қаржы пирамидасы болған.

Қатысушылар өнім сатып алуға міндетті болмаған. Олардың табысы тікелей түрде жазылу құны 50 АҚШ долларынан басталатын жаңа мүшелерді тарту санына тәуелді болған.

Нәтижесінде 80-нен астам адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған.

Салымшылардан түскен қаражатты заңдастыру мақсатында күдікті криптовалюта биржасы арқылы ақша аударып, кейін оны туыстарының есепшоттарына шығарған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus маркалы автокөлік сатып алған. Жылжымайтын мүлік пен көлік құны шамамен 43 млн теңгені құрайды.

Соттың санкциясымен күдіктінің жалпы сомасы 132 млн теңге болатын есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Алдыңғы пост
Шымкентте адам өлтірген 19 жастағы жігіт 22 жылға сотталды
Келесі пост
Павлодарлық прокурорлар мемлекеттің мүліктік мүдделерін 777 млн теңгеге қорғады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu