49
Алматы тауларында із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы студент Ақылбек Нұрисламның денесі табылды.
Ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомствоның мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Ақылбек Нұрислам, 2 шілде күні үйінен шығып, тауға кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Оның туыстары жоғалғаны туралы хабарлап, еріктілер мен құтқарушыларға жүгінген. Соңғы рет студенттің ұялы телефоны Алматы шатқалы маңында тіркелген.
Іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылып, өкінішке қарай, жас жігіт өлі күйінде табылды.