Перизат Қайрат пен анасы 3,5 миллиард теңгені  қайда жұмсаған? 

34

2021–2024 жылдар аралығында қайырымдылық мақсатында жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы мақсатсыз жұмсалған. Бұл туралы тергеуде белгілі болды.

Күдіктілер, қайырымдылық желеуімен жиналған қаржыны  бас пайдаларына жұмсаған.

Яғни, 2,86 млрд теңге — су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде, 566 млн — Газа халқына жжәрдемге, 105 млн — өткізілмеген форумдар мен фестивальдерге бөлген. Ал, 21,6 млн — мүгедектігі бар балаларға арналған аукцион атынан аударғанын көрсеткен.

Алайда, тергеу мәліметінше, бұл қаражат басқаша жұмсалған:

Нұр-Сұлтандағы Highvill, Akbulak, Vela Village тұрғын үй кешендерінен 7 пәтер сатып алынған;

Lexus LX 600, Mercedes S 450, Haval H6 GT маркалы 3 көлік алынған;

Cartier, Van Cleef, Gucci, Dior секілді люкс брендтерге 150 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған;

Rebel Flowers атты гүл бизнесі ашылған;

123 млн теңге бір пәтерді жөндеуге кеткен;

Күдіктілер 17 рет шетелге шыққан. Олардың ішінде, Лондон, Дубай, Катар, Түркия елдері бар.

Сонымен қатар, мейрамханадағы шығындар, тұрмыстық техника, жиһаз, сантехника, айыппұлдар секілді күнделікті тұтыну заттарына да ққаржы жұмсаған.

Тергеу дерегі бойынша, қаржыны заңдастыру үшін жалған кәсіпкерлер арқылы қолма-қол ақша шығарылып, құжат жүзінде киіз үй, көмір, зергерлік бұйымдар мен гүл жеткізілгені көрсетілген.

Қазір бұл іс бойынша, тергеу жалғасып жатыр.

Алдыңғы пост
Жұмысынан айырылған 220 мыңнан астам адамға 62,2 млрд теңге төлем төленді
Келесі пост
Қаржылық мониторинг агенттігі атынан телефон арқылы алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu